LIMSwiki
Жылдар |
---|
1985 · 1986 · 1987 · 1988 — 1989 — 1990 · 1991 · 1992 · 1993 |
Онжылдықтар |
1960 жж. · 1970 жж. — 1980 жж. — 1990 жж. · 2000 жж. |
Ғасырлар |
XIX ғасыр
— XX ғасыр |
Грегориан күнтізбесі | 1989 MCMLXXXIX |
Юлиан күнтізбесі | 1988 — 1989 (14 қаңтардан бастап) |
Рим қаласының құрылуынан бастап | 2741 — 2742 (4 мамырдан бастап) |
Византия күнтізбесі | 7497 — 7498 (14 қыркүйектен бастап) |
Еврей күнтізбесі |
5749 — 5750 ה'תשמ"ט — ה'תש"ן |
Ислам күнтізбесі | 1409 — 1410 |
Армения күнтізбесі | 1438 ԹՎ ՌՆԼԸ
|
Қытай күнтізбесі | 4685 — 4686 戊辰 — 己巳 сары айдаhар — сары жылан |
Ефиопия күнтізбесі | 1981 — 1982 |
Инду күнтізбесі | |
- Викрам самват | 2045 — 2046 |
- Шака самват | 1911 — 1912 |
- Кали-юга | 5090 — 5091 |
Иран күнтізбесі | 1367 — 1368 |
1989 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның соңғы күні, яғни жексенбіде басталады. Кібісе жыл емес.
Бұл біздің заманымыздың 1989 жылы, II мыңжылдықтың 989-жылы, XX ғасырдың 89-жылы, 20 ғасырдың 9-онжылдығының 9-жылы, 1980 жылдардың 10-жылы болып табылады.
Оқиғалар
- 6 қаңтар - КОКП ОК-нің "30-40-шы жылдар мен 50-ші жылдардың басында орын алған қуғын-сүргін құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысы жарияланды.
- 7 қаңтар - Жапонияның тақ мұрагері Акихито жаңа император болып жарияланды. Жапонияда жаңа тарихи кезең Хейсей дәуірі басталды.
- 11 қаңтар - Парижде химиялық қару бойынша конференция өтті. Қорытындысы бойынша 149 елдің өкілдері улы газдарды, химиялық және бактериологиялық қаруды пайдалануға тыйым салу туралы декларацияға қол қойды.
- 10 қаңтар - Куба өзінің қарулы күштерін Анголадан шығара бастады.
- 11 қаңтар - Мажарстанда жаңа саяси партиялар құруға рұқсат етілді.
- 19 қаңтар - КСРО тарихындағы соңғы халық санағы өтті.
- 18 қаңтар - Эстон тілі Эстония КСР-де Мемлекеттік болып жарияланды.
- 20 қаңтар - АҚШ-тың 41-ші президенті Джордж Буш қызметке кірісті.
- 2 ақпан - Венада КСРО мен АҚШ арасындағы орталық Еуропадағы қарулы күштерді қысқарту туралы келіссөздер аяқталды.
- 3 ақпан - Парагвайда әскери төңкеріс 1954 жылдан бері билік етіп келе жатқан диктатор Альфредо Стресснерді құлатты.
- 4 ақпан - Кеңес-Қытай шекарасындағы әскерлерді қысқарту және КСРО әскерлерін Моңғолиядан шығару туралы Кеңес-Қытай келісіміне қол қойылды.
- 10 ақпан - АҚШ-та Рон Браун демократиялық ұлттық комитеттің төрағасы болып сайланды, елдің негізгі саяси партияларының бірін басқарған алғашқы афроамерикалық болды.
- 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының аяқталуы.
- 17 ақпан - Марокко, Ливия, Алжир, Тунис және Мавритания басшылары жаңа экономикалық блок — Араб Мағриб одағын құру туралы келісімге қол қойды.
- 18 ақпан - Ауғанстан Президенті Наджибулла елде төтенше жағдай енгізді.
- 28 ақпан - КСРО-да Невада-Семей ядролық қаруға қарсы қозғалысы құрылды.
- 4 сәуір - Брюссельде НАТО-ның құрылғанына 40 жыл толады.
- 9 сәуір - Тбилисиде Кеңес әскерлері 60 мыңнан астам адам қатысқан митингті таратып, 16 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Митингілеушілер Грузияның тәуелсіздігін талап етті.
- 10 сәуір - АҚШ-та Intel 80486 процессорының өндірісі басталды.
- 18 сәуір - Литва КСР жоғарғы кеңесі Республиканың мемлекеттік егемендігін жариялады.
- 25 сәуір - Кеңес әскерлерін Мажарстаннан ішінара шығарудың бірінші кезеңі басталды.
- 1 мамыр - Мажар Халық Республикасы Аустриямен шекарадағы тікенді сымды алып тастады.
- 11 мамыр - Кеңес әскерлерінің бір бөлігін ГДР-ден шығару басталды.
- 18 мамыр - Кеңес басшысы Михаил Горбачев Қытайға сапары өтті.
- 18 мамыр - Литва КСР Жоғарғы Кеңесінің егемендік туралы декларациясы жарияланды.
- 21 мамыр - Мәскеудегі Лужники стадионындағы 150 мыңыншы оппозициялық митинг, бірқатар митингілердің басталды.
- 28 мамыр - Армян КСР-дегі митингілер және Арменияның мемлекеттік егемендігін жариялады.
- 3 маусым - Иран басшысы аятолла Хомейни қайтыс болды.
- 4 маусым - Бейжіңде танктердің көмегімен Тяньаньмэнь алаңында студенттердің демонстрациясы таратылды. Әр түрлі бағалаулар бойынша бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін адам қайтыс болды.
- 12 маусым - КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы Михаил Горбачев пен ГФР канцлері Гельмут Коль Боннда Шығыс Еуропа мемлекеттерінің өз елдерінде қандай саяси жүйе шешуші болатынын өздері шешу құқығын жариялаған құжатқа қол қойды.
- 17 маусым - Қазақ КСР-дің Жаңаөзен қаласында жергілікті тұрғындар мен Кавказдан келгендердің арасында этносаралық негізде қақтығыстар болды. 4 адам қайтыс болды.
- 18 маусым - Бирма атауы Мьянма деп өзгертілгені жарияланды.
- 22 маусым - Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы болып Г.В.Колбиннің орнына Нұрсұлтан Назарбаев тағайындалды.
- 23 маусым - АҚШ-та Бэтмен фильмі шықты.
Туғандар
Тағы қараңыз: Санат:1989 жылы туғандар
Қайтыс болғандар
Тағы қараңыз: Санат:1989 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: 1989 |
Түсініктемелер
1989 жылға арналған күнтізбе | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қаңтар
|
Ақпан
|
Наурыз
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сәуір
|
Мамыр
|
Маусым
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шілде
|
Тамыз
|
Қыркүйек
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазан
|
Қараша
|
Желтоқсан
|
Бұл — жыл туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |