LIMSwiki

Тасшарлаған
Adult in breeding plumage.
Adult in breeding plumage.
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Татреңтәрізділер
Тұқымдасы: Scolopacidae
Тегі: Arenaria
Түрі: A. interpres
Екі-есімді атауы
Arenaria interpres
(Linnaeus, 1758)

Тасшарлаған (Arenaria interpres) - тұмсығы мен аяғы біршама қысқа, шағын денелі (95-115 г) балшықшы.

Биологиялық сипаттама

Шұбар реңді болып келеді, жоны - қара және тот түстес теңбілді қаралтым түсті болады. Жонның артқы бөлігі, бауыры, басы және мойны - ақ, төсі мен жемсауы - сұр, төбесі - қара және тот түстілеу теңбілдері бар қаралтым. Жонының соңғы бөлігі, бауыры, басы және мойны - ақ, төсі және жемсауы - сұр, төбесі - шұбарланған қара реңді болып келеді. Қысқы жасануында қошқыл қоңыр түс басымырақ болады. Салындыда 3-4 қоңырқай немесе жасылдау секпілді жұмыртқаларды ата-енелері басады. Олар балапан жұмыртқадан жарып шығысымен, оларды өргізеді. Бұдан соң жас аналықтар ұша бастайды да, оңтүстікке қарай қоныс аударады, ал аталықтар ұялас балапандармен тағы екі аптаға жуық қалады. Тасшардағандар тас астына жасырынған бунақденелілерді мықты, қысқа тұмсығымен тасты қопарып тауып алады да жейді. Түрдің атауы осыған байланысты қойылған.

Таралуы

Тек қана Солтүстік Америка мен Еуразияның солтүстік теңіздерін бойлай ұялайды, алайда оңтүстік жарты шарда қыстайды және ұшып өту кезінде бүкіл әлемде дерлік кездеседі. Тундра жағалауындағы құрғақ үлескілерде жалғыз-жалғыздан ұялайды. Қазақстанда көктем кезінде (мамыр-мау- сым) және күзде (шілде-қыркүйек) ұшып өткенде кездеседі. Көбеюге қатыспайтын жеке дарақтарды да жазғы уақытта кездестіруге болады.

Дереккөз

1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.

  1. BirdLife International Arenaria interpres. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.