LIMSwiki
Меншік — жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.
Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты құқықтық құзыретке саяды, олар – мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билеу құқығы.
- Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі.
- Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі.
- Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі.
Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен тығыз байланысты. Меншік мемлекеттік, ұжымдық, муниципалдық және жеке болып бөлінеді. Меншік құқық нормаларын орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады. Нарықтық экономикаға өту кезінде жеке меншіктің үлесі артып, мемлекеттік меншіктің үлесі азаяды.[1][2]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |