Маржанды теңіздің аралдары аймағы (ағылш.Coral Sea Islands Territory) - Маржанды теңізінің аймағында орналасқан тропикалық аралдар жіне рифтар тобы. Аустралияның Квинсленд штатының солтүстік-батыс жағында орналасқан. Аустралияның тәуелді аймағы болып есептеледі.
Географиясы
Аралдардың акваториясының жалпы аумағы - 780 тыс. км², оның ішінде құрғақ жердің көлемі - 10 км²-ден кем.Құрамына Херальд және Бекон аралдары, Оспрей рифы, Уиллис аралдар тобы және тағы 15 риф пен арал кіреді.[1].
XVIII-XIX ғасырларда аралдар теңізшілер үшін қауып төндіретін. 1921 жылы аралдарда метеорологиялық станция орнатылған.
1969 жылжан бастап Аустралияның тәуелді аймағы болып жарияланған. 1982 жылы Лихоу және Коринг рифтары, ал 1987 жылдан бастап Элизабет және Миддлтон Сейлор рифтары Аустралияның ұлттық қорығы болды.
Халқы
Жалғыз елді жай - ол Уиллис аралы, аралда метереологиялық станция орнатылған. Станция қызметкерлері вахта кезегімен 3-4 адам болып жұмыс істейді.