LabLynx Wiki
WMAP | |
---|---|
Ұйымы | АҚШ, НАСА |
Тапсырысы | Зерттеу серігі |
Ұшыру күн-айы | 30.06.2001 ж., 19:46:46 UTC, Канаверал мүйісі |
Сөре көлігі | Delta II зымыран-тасығышы |
Тапсырыс ұзақтығы | 9 жыл |
Массасы | 835 кг (отынсыз 763 кг) |
Қуаты | 419 Вт |
WMAP (Wilkinson Microwave Anisotropy Probe) немесе Explorer 80 — Жойқын жарылыс нәтижесінде пайда болған реликт сәулеленуді зерттеуге арналған ғарыш обсерваториясы.
Аппарат ғарышқа 2001 жылдың маусымында ұшырылды. Бастапқыда ол MAP деп аталатын. 2002 жылдың қыркүйегінде бұл жобаның ғылыми жетекшілерінің бірі Дэвид Уилкинсон қайтыс болғаннан кейін аппараттың аты оның құрметіне WMAP деп өзгертілді.
2003 жылы Science журналы WMAP миссиясын «Жыл серпілісі» деп таныды.[1]
WMAP жұмысының нәтижелері қазіргі стандартты космологиялық модельді, яғни лямбда-CDM моделін қалыптастыруға сеп тигізген.
Аппараттың жұмысы 2010 жылдың қазанында тоқтатылды.[2]
Ғылыми нәтижелері
WMAP зерттеулері келесі мәліметтерді айқындауға көмектесті:
- Ғаламның құрылысы: 4,63% — кәдімгі материя, 24,02% — суық қараңғы материя, 71,35% — қараңғы энергия;
- Ғаламның жасы: 13,772 млрд жыл;
- Хаббл тұрақтысы: ~70 км/с/Мпк;
- Оптикалық қалыңдық: 0.081±0.012;
- және т.б.
Галерея
-
Ұшыру сәті
-
Миссияның траекториясы
-
Ғаламның микротолқындық картасы
Дереккөздер
- ↑ Breakthrough of the Year: Illuminating the Dark Universe — Science, 19.12.2003.
- ↑ Mission Complete! WMAP Fires its Thrusters for the Last Time — Discovery News, 7.10.2010.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: WMAP |
Сілтемелер
|
|