Clinfowiki
Time | |
ағылш. Time | |
Мамандануы |
жаңалықтар |
---|---|
Мерзімділік |
апта сайын |
Тілі | |
Бас редактор |
Нэнси Гиббс |
Құрылтайшылары |
Брайтон Хэдден, Генри Люс |
Ел | |
Баспашы |
Time Inc. |
Құрылған уақыты | |
ISSN | |
Сайты | |
Ортаққордағы медиафайлдар |
Time (ағылш. Time – «Уақыт»; сауда маркасы ағылшынша үлкен әріптермен жазылады: TIME) — штаб-пәтері Нью-Йоркта орналасқан, апта сайын шығатын журнал. Ең алғаш рет Time журналы 1923 жылы 3 наурызда шыққан болатын. Таралымы 3,4 миллион дананы құрайды. 2007 жылдан бастап АҚШ-ғы ең танымал басылымы. Басты мақалалары: Жыл адамы, Жылдың 100 адамы, 20 ғасырдың 100 адамы. Экономика, спорт, денсаулық, саясат, сән тақырыптарындағы мақалаларды жариялайтын мерзімді басылым. Лондон қаласында журналдың Time Europa (бұрын Time Atlantic) деген нұсқасы шығады. Гонконгта Time журналының Time Asia деген азиялық нұсқасы шығарылады. Сиднейде журналдың Австралия, Жаңа Зеландия және Тынық мұхиты аймағына арналған нұсқасы шығады. 2008 жылдың желтоқсанына дейін журналдың Time Canada деген Канадалық нұсқасы шыққан болатын.
2012 жылы Time журналының таралымы 3,3 миллион дананы құрай алды. Бұл жетістік журналды АҚШ журналдарынң таралымы бойынша 11-ші орынға шығара алған болатын. 2017 жылдың шілдесінде оның таралымы 3 028 013 болды және жылдың соңына қарай 2 миллионға дейін қысқарды. Журналдың баспа нұсқасының 26 миллион оқырманы бар, оның 20 миллионы американдықтар болып табылады. Бұрын Нью-Йорктегі Time Inc. баспасы шығарған болатын. 2018 жылдың қараша айынан бастап Time журналын TIME USA, LLC шығарады, оның иесі Марк Бениофф, оны Meredith Corporation корпорациясынан сатып алған болатын.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |