Trends in LIMS
Мазмұны
Маронене | |
моронене, кабаенас | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
41 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Маронене (моронене, кабаенас) — Индонезия халықтарының бірі (Кабаена аралы, Сулавеси аралының оңтүстік-шығысында).[1][2] Жалпы саны 41 мың адам.[3]
Тілі
Тілі- маронене тілі.[4]
Діні
Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.[5]
Кәсібі
Негізгі дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (құрғақ күріш, саго пальмалары), аң аулау (бұғы мен буйвол), Джунглиде терушілік (даммар шайыры мен балауыз). Кілемшелер мен себеттерді тоқу дамыған (олардың бір бөлігі сатылымға шығады).[6]
Өмір салты
Отбасы неолокалдық. Күйеу жігіт қалыңдыққа 1 жылдан 3 жылға дейін жұмыс істейді.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
Елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері төртбұрышты, қадаларға орналасқан ағаштан, бамбуктан және нипа пальмасының жапырақтарынан жасалған, төбесі шатырлы.[7]
Дәстүрлі киімдері
Дәстүрлі ерлер киімі – жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі мен саронг, әйелдердікі – өсімдік талшығынан немесе пальма жапырақтары мен қайыңнан тігілген қысқа белдемше.[8]
Дәстүрлі тағамдары
Тағамдары – көкөністер.
Дереккөздер
- ↑ Маронена сөзінің мағынасы. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Маронене. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Маронене. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Маронене. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Әлем халықтары/Маронене. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Маронене. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 333. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.