The US FDA’s proposed rule on laboratory-developed tests: Impacts on clinical laboratory testing
Мазмұны
Монтаж кино өнерінде, киноэпизод пен жалпы фильм тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадрларын құрастыру тәсілі. Монтаждау кезінде фильм мазмұны, бейнелеу құралдарының орнында қолданылуы, ішкі ырғақ ескеріліп отырады. Монтаж - фильмнің идеялық-көркемдік қасиетін ашудағы ең қажетті элементтерінің бірі. Режиссер монтаж арқылы өтіп жатқан оқиғаның әрбір эпизодтарындағы мазмұнды көрінісін көрнекілендіріп отырады. Дыбыссыз кинодағы Монтаждың рөлі зор. Ол көп жағдайда дыбыс ролін атқарады. Кино өнерінде дыбыстың пайда болуына байланысты монтаждау тәсілдері арқылы бейне мен сөздің, музыка мен шудың үйлесімділігі сияқты жаңа проблемелар шешілетін болды. Монтаждық үлгіні дамытып, оны жетілдіру саласында Д.Вертов, А.П. Довженко, Л.В. Кулешов, В.И. Пудовкин, С.М. Эйзенштейн, С.И. Юткевич сынды кино қайраткерлерінің шығармашылығы тәжірибесі үлкен роль атқарды. Қазақстан кинематографиясындағы монтаждың үлгілері Ш.Айманов пен О.Әбішев, т.б. шығармашығынан көрініс тапты.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |