Standard Generalized Generic Markup Language
Файл кеңейтімі:жоқ
MIME түрі:application/sgml, text/sgml
Uniform Type Identifier:public.xml
Дамытқан мекеме атауы:ISO
Формат типі:Markup Language
Қай форматтан кеңейтілді:GML
Қай форматтарға дайін кеңейтілді:HTML, XML
Қалып(тар)ы:ISO 8879

SGML (ағылш. Standard Generalized Markup Language — стандартты жалпылама белгілеу тілі; [эс-джи-эм-эл]) — құжаттардың белгілеу тілін анықтауға мүмкіндік беретін метатіл.


SGML — 1969 жылы IBM дайындалған GML (Generalized Markup Language) тілінің ізбасары. Бұны Open GIS Consortium Мұрағатталған 19 қаңтардың 2006 жылы. тарапынан дайындалып жатқанGeography Markup Language тілімен шатастырмаңыз.

Бастапқыда SGML көптеген ірі үкіметтік және аэроғарыштық жобалардағы машина оқығыш құралдарды бірлесе қолдануға арналып дайындалған болатын. Ол баспа әрі баспагерлік салаларда кеңінен қолданылған болатын, алайда оның күрделілігі күнделікті қолданыстағы таралымын тежей түсті.

SGML құжатының негізгі бөліктері болып саналатындар:

  1. SGML-декларация — қондыртпада қандай символдар мен шектеуіштер орын ала алатындығын анықтайды;
  2. Document Type Definition — белгілеудің құрылымындағы синтаксисін анықтайды. DTD символдық сілтеме-мнемониктер сияқты қосымша анықтауыштарды қамтуы мүмкін;
  3. Белгілеуге қатысты семантика қасиеттері — DTD ішінде айқындала алмайтын синтаксис шектеулерін анықтайды;
  4. SGML-құжат мазмұны — кемінде түпкі элементі болуы тиіс.

SGML түрлі қондырғылардың қолданылысы үшін синтактикалық белгілеулердің біраз нұсқаларын айрықшалайды. SGML-декларациюын өзгерте отырып, тіпті бұрышты жақшалардың қолданысынан бас тартуға болады, бірақ бұл синтаксис стандартты немесе басқаша айтқанда concrete reference syntax деп саналады.

SGML синтаксисінің үлгісі:

<QUOTE TYPE="example"> 
typically something like <ITALICS>this</ITALICS> 
</QUOTE>

SGML ISO тарапынан стандартталған : «ISO 8879:1986 Information processing—Text and office systems—Standard Generalized Markup Language (SGML)»

HTML мен XML SGML-ден туындаған. HTML — SGML-дің қондыртпасы болса, XML — құжаттың машиналық талдануы үдерісін жеңілдетуге арналған SGML-дің өзішілік түрленуі. SGML-дің басқа да қондырмалары болып SGML Docbook (құжаттау) және «Z Format» (баспахана мен құжаттау) есептеледі.

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер