Knowledge Base Wiki

Search for LIMS content across all our Wiki Knowledge Bases.

Type a search term to find related articles by LIMS subject matter experts gathered from the most trusted and dynamic collaboration tools in the laboratory informatics industry.

Panasonic Corporation
Түрі

көпшілік компания

Биржадағы листингі

NYSE: PC, TYO: [1], OSX:6752, NSE:67520

Компанияның ұраны

Ideas for Life.

Құрылды

1918

Орналасуы

Жапония Кадома, Жапония

Басты адамдары

Кунио Накамура (директорлар кеңесінің төрағасы), Фумио Оцубо (президент)

Саласы

машинақұрылыс

Өнімі

теледидарлар
телефондар
компьютерлер
сандық фотоаппарат

Айналым

7,77 трлн иен

Операциялық кірісі

72,9 млрд иен

Таза табыс

(шығын) −378,96 млрд иен

Қызметкерлер саны

328 мың адам (31 наурыз 2007)

Сайты

www.panasonic.net

Panasonic Corporation (жапонша パナソニック株式会社 Panasonikku Kabushiki-gaisha) – машина шығаратын жапон ірі корпорациясы, әлемдегі тұрмыстық техника және электронды тауарлар өндіретін ірі өндірушілердің бірі[1].

Штаб-пәтері – Осака префектурасындағы (Жапония)Кадома қаласында. 2007 жылғы Fortune Global 500 компаниясының ғаламдық рейтингі бойынша Panasonic компаниясының табыс мөлшер көрсеткіші 59-орынды алады.

2008 жылдың 1 қазанына дейін Matsushita Electric Industrial Co., Ltd. атауын алған.

Тарихы

  • 1918 жыл – жапон кәсіпкері Коносуке Матсушита Matsushita Electric Factory зауытының негізін қалады
  • 1927 жыл – National сауда маркасы ұсынылды
  • 1931 жыл – радиоқабылдағыш өндірісі басталды
  • 1932 жыл – Жапониядағы электронды өнеркәсіпті дамыту мақсатында радиоаппаратураны шығару үшін патент алды.
  • 1933 жыл – компания бөліну жүйесінің қабылдануы; Осака префектурасындағы Кадомада ірі зауыттың салынуы; өндіріс орталығын жаңа зауытқа көшіру
  • 1935 жыл – Matsushita Electric Industrial компаниясының қайта құрылымдауы; Matsushita Electric Works еншілес компаниясының құрылуы
  • 1941 жыл – әскери өнімдерді өндіру кезеңі; ағаштан жасалған кеме және ұшақ өндірісі
  • 1946 жыл – Одақтас күштердің бас штабты компаниясына шектеу қояды
  • 1952 жыл – нидерландық Philips Electronics компаниясымен техникалық серіктестігімен, Electric Industrial компаниясы құрылады, жаңа зауыттың құрылысы және дамуы
  • 1954 жыл – JVС компаниясымен серіктестік бастауы
  • 1957 жыл – National Shop тиімді жүйесінің құрылуы; National маркалы тауарлардың сатылуына арналған сауда желісі
  • 1965 жыл – жұмысшылар үшін апталық және екі апталық демалыстардың іс жүзінде енгізілуі; сауданың жаңа жүйесінің қабылдануы
  • 1977 жыл – VHS форматындағы бейнекасета сатылымының бастауы
  • 1979 жыл – DJ индустриясында әлемдік стандартқа сай болған атақты Technics SL-1200 MK2 винилді хай-фай күйтабақ ойнатқышы шығарылды.
  • 1983 жыл – Panasonic JR-200 үй компьютері шығарылды
  • 1986 жыл – Жапонияда сауда маркасы есебінде Panasonic атауының қолданылуы
  • 1987 жыл – нан пісіретін пештің шығарылуы
  • 1989 жыл – технологиялық бөлімдердің кең көлемді реформасының бастауы
  • 1990 жыл – National маркалы тұрмыстық электроникалардың Panasonic атауымен ауыстырылуы
  • 1993 жыл – Philips компаниясымен бірігіпкәсіпорынкелісімін бұзуы, жабық лицензиясы тәртібі шартының ауысуы
  • 1994 жыл – Panasonic Shun Hing Industrial Sales (HongKong) Co., Ltd және Panasonic SH Industrial Sales (Shenzen) Co., Ltd in China компаниясының Shun Hing Electric Works (HongKong) компаниясымен бірігіп өнеркәсіп құруы; Shun Hing — Rasonic сауда маркасы Panasonic компаниясының бақылауында болады.
  • 1997 жыл – еншілес компаниялардың кемуіне әкелген саяси нығаю топтарының құрылуы
  • 2001 жыл – Panasonic компаниясы DVD-де қолданылатын Nintendo Game Cube (Жапонияда «Q») шығарады.
  • 2002 жылАҚШ және Еуропада сатылған Technics маркалы тауарлар Panasonic болып ауыстырылады.
  • 2003 жыл – «Panasonic. Ideas for life.»– әлемдік бренді мен девизі ұсынылды
  • 2008 жыл – Matsushita Electric Industrial Co., Ltd. Компаниясының атауы Panasonic Corporation болып өзгереді.

1918 жылы құрылған кезеңінен бастап компания Matsushita Electric Housewares Manufacturing Works атауымен танымал болады, 1929 жылы Matsushita Electric Manufacturing Works болып өзгертіледі.1935 жылы компания акционерлік корпорация болғаннан бастап Matsushita Electric Industrial Co.,Ltd.Болып аталады. Дегенмен компания ұзақ уақыт бойы Panasonic және National брендін қолданады, 2003 жылы «Панасоник»бренді өзінің «Panasonic. Ideasforlife.» ұранымен әлемдік нарықта ғаламдық бренд болады.

XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап JVС(Victor Company of Japan, Limited) компания акциясының бақылау пакеті және VHS тұрмыстық бейне жасау стандарты Panasonic компаниясына қарады. 2007 жылы компания JVС компаниясының бақылау пакетін инвестор тобына сатып жібереді.

2008 жылдың 1 қазанынан бастап компания Matsushita Electric Industrial Co.,Ltd. атауы Panasonic Corporation болып өзгертіледі. Matsushita немесе National атауы бар бүкіл компания брендтерінің атауы өзгеріске ұшырайды.

2011 жылдың наурыз айында компанияның бас директоры Джуничиро Китагауа Жапониядағы жер сілкінісі салдарынан компанияның үш зауыты зақымдалғанын атап өтті.

2009 жылы 10 желтоқсанда Sanyo Electric Co. компаниясымен бірігуі туралы келісімге қол қояды. Sanyo акциясының 50,19%-ы Panasonic компаниясына 404 млрд иенге ($ 4,6 млрд) түсті.

Panasonic сауда маркасының тарихы

1955 жылы Panasonic маркасыMatsushita компаниясы тарапынан құрылады. Ол АҚШ, Канада және Мексика қолданымы үшін жасалады. Panasonic атауы ежелгі гректің «pan» – бәрі және латынның «sonic» – дыбыстық деген сөзінен шыққан. Негізінде бұл сауда маркасы аудио-жабдық үшін қолданылған.

Меншіктенуші және басшылық

Компанияның 11,76 % акциясы институциялық инвесторларға, 38,58 %-ы жарналық фондқа, 10 %-ы Matsushita Electric Industrial Co.команияның өзіне қарайды. 2006 жылы желтоқсан айының басында сауда қорытындысы бойынша Токио биржа қоры капитализациясы — $46,58 млрд құрайды. Директорлар кеңесінің төрағасы — Кунио Накамура, президенті — Фумио Отсубо.

Қызметі

Компанияның 638 өнеркәсібі бар. Басты сауда маркасымен шығарылатын өнімдер:

  • Panasonic (бұқаралық нарыққа арналған тұрмыстық электроника, сонымен қатар плазмалық панельдер, DVD күйтабақ ойнатқышы, телефондар, проекторлар, сандықфотоаппараттар және де компьютер чиптері, автокөлік жабдықтары);
  • Technics (2008 жылдан бастап диджеилерге арналған кәсіптік музыкалық аудиотехника құралы);
  • Lumix (Panasonic Lumix) – Panasonic сандық фотоаппаратының суббренді. Lumix маркасымен әйнекті камералар шығарылады.

Көп қолданылмайтын компаниялардың сауда маркалары:

  • National (2008 жылдан бастап қолданылмайтын, жапон нарығына арналған тұрмыстық электроника);
  • Quasar (2008 жылдан бастап қолданылмаған Солтүстік Америка нарығына арналған арзан тұрмыстық электроника);
  • Ramsa (2008 жылдан бастап қолданылмайтын кәсіптік аудиожабдықтар).

Қызмет көрсеткіштері

Барлық қызметкерлер саны – 328 мың адам (2007 жылдың 31 наурызы). 2009 жылы 31 наурызда түскен қаржы бойынша – 7,77 трлн иен, операциялық кірісі – 72,9 млрд иен, шығыны – 378,96 млрд иен құрайды.

Panasonic Ресейде

Ресейде Panasonic қызығушылығын «Панасоник Рус» компаниясы ұсынады (2011 жылдың 1 тамызынан бастап бас директоры – Сузуки Сигео). Концерн өз өнімін 2007 жылдан бастап Калининградта «Балтмикст» зауытында өндіреді, бірақ 2009 жылы қаңтарда бұл зауыт жабалады.

Технологиясы

  • Viera

Сот ісі

2006 жылы PT-50LC13, PT-60LC13, PT-50LCX63 және PT-60LCX63 нөмірлі жобалық теледидар моделі жарнамасына сұраныс бергені үшін ұжымдық айып тағылады.

Демеушілік қызметі

Panasonic компаниясы 2016 жылға дейін бейне-аудио саласы бойынша Олимпиада ойындарының демеушісі болады.

Panasonic Toyota F1, сонымен қатар Panasoniс Toyota Racing сияқты танымал жобаларының бас демеушісі болады. Компанияның негізін қалаған Хиро Матсушитанің немересі де бұл жобаға белсенді ат салысады.

Сонымен қатар Panasonic компаниясы жапон футбол командасы Gamba Osaka иесі.

Дереккөздер

  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/Panasonic