Knowledge Base Wiki

Search for LIMS content across all our Wiki Knowledge Bases.

Type a search term to find related articles by LIMS subject matter experts gathered from the most trusted and dynamic collaboration tools in the laboratory informatics industry.

Ыстау — сақтау мерзімін ұлғайту үшін өсімдік түтіндерімен өнімді (мысалы, шұжық, ет, балық, т.б.), арнаулы ыстау цехтарында немесе үйде қақтау. Қымыз сақтайтын сабаны, күбіні ыстау. Балықты ыстау екі түрлі тәсілмен жүргізіледі. Оны ыстықтай ыстау үшін кесектерге бөлшектеп температурасы 90—180°С түтінмен ыстайды. Суықтай ыстау үшін балық кесектерін тұздап температурасы 35—40°С түтінмен өңдейді. Кейде түтіннің орнына тағамға дәм, иіс, түс беретін арнаулы ыстайтын сұйықтар қолданылады. Сонымен бірге шұжықтың көптеген түрлері де ысталынады.[1]

Еліміздің солтүстік облыстарында соғым етін сақтайтын жақсы тәсіл бар. Кәдімгі қайың қабығын отқа жағып, оның түтінімен етті ыстайды. Ысталған ет жақсы сақталады, дәмді әрі жұмсақ болады.

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1