Type a search term to find related articles by LIMS subject matter experts gathered from the most trusted and dynamic collaboration tools in the laboratory informatics industry.
Сога | |
басога | |
| |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
2,1 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
христиандық, дәстүрлі нанымдар, суннизм |
Сога (басога) — Уганданың оңтүстік-шығысындағы банту халқы. Олар солтүстікте Киога және оңтүстігінде Виктория көлдері, батыста Виктория Ніл өзендері және шығыста Мпологома арасында тұрады. Халқы 2,1 миллион адам. (2002, халық санағы), Угандадағы 3-ші ең үлкен халық. Танзанияда да 5 мыңға жуық адам тұрады.[1]
Тілі - лусога тілі, оның екі диалектісі бар: солтүстік (Лупакоойо) және оңтүстік (Лутенга). XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басынан жазуы латын әліпбиіне негізделген.[2]
Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: көпшілігі христиандар, кейбірі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сүнниттік мұсылмандар да бар.[3]
Дәстүрлі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (банан, маниок, тәтті картоп). Мал шаруашылығы мен өзен-көлдерде балық аулауды дамытқан. Дәстүрлі қолөнер - керамика, ұсталық, барабан жасау. Отарлау кезеңінде негізгі мақта егетін аудандардың біріне айналды.[4]
Қоныстары шашыраңқы орналасқан банан плантацияларымен қоршалған дөңгелек үйшіктерден тұрады.
Киімдері – жамбасты жауып тұратын талшықтан жасалған жамылғылар.
Негізгі тағамдары – банан, түрлі ботқа, ащы соустары бар ұсақталған жармалардан жасалған ұн өнімдері.
Бай ауызша тарихы бар.[5]