Type a search term to find related articles by LIMS subject matter experts gathered from the most trusted and dynamic collaboration tools in the laboratory informatics industry.
Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша),[1] мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікі — рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді. [2]
Бірінші топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады.[2]
Клиенттің немесе корреспонденттің жеке есептік шоты бойынша, банк жазған әрбір соммаға пайыздар есептелетін датаны белгілеу үшін колданылатын термин.
Елдің төлемдік балансын нығайтуды, ұлттық валютаның тұрақтылығын, ішкі валюталық рыноктың дамуын және оны қадағалап, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операцияларды өткізу тәртібін тұрақтандыру бойынша өкілеттелген мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдары) қызметі.
Валюталық реттеудің міндеттері:
Шетелдік валютаның комақты партиясын банктің сатып алуы немесе сату жолымен жүзеге асырылатын валюталық рынок пен валюта курсына әсер ету үшін елдің Ұлттық банкісінің мақсатты түрде бағытталған бір реттік елеулі әрекеті. Валюталық басқыншылық мемлекеттің мүддесіне орай, шетелдік валюталардың бағамын реттеу үшін жүзеге асырылады.[3]
Валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық, құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару.
Валюталық заңнамаға сәйкес, елдің аумағында айналысқа түсуге қатысты ерекше режим бекітілген құндылықтар. Мыналар валюта құндылықтары болып табылады:
Қор және тауар биржаларында сыртқы сауда, кредиттік және валюталық операцияларды өткізу кезінде, ұлттық валютаға қатынасы бойынша шетелдік валюта курсынын өзгеруімен байланысты валюталық құндылықтарды жоғалту қаупі. Ашық валюталық ұстанымы бар болған кезде пайда болады.
Валютаның қайтымдылығы - бір ел валютасының басқа бір елдердің валютасына қолданыстағы валюталық бағам бойынша айырбасталу мүмкіндігі; алтын стандартында - банк билеттерін алтынға айырбастаудың әртүрлі нысандары. Аралық режимдегі валютаны ішінара қайтымды валюта деп атайды. Мұндай жағдайда қайтымдылық белгілі бір валютаның нақты иелеріне және операциялардың жекелеген түрлеріне қолданылады.
Валютаның бағамын белгілеу - валютаның бағамын айқындау. Валютаның бағамын белгідеудің тарихи тұрғыда екі әдісі қалыптасқан, олар тікелей белгілеу, мұнда шетел валютасы өлшемінің бағамы ұлттық валютаның белгілі бір сомасымен көрсетіледі (мыс., 1 АҚШ доллары = 6,8 француз франкі); жанама түрде белгілеу, мұнда валюта өлшемі ретінде валютаның белгілі бір сомасына теңестірілетін ұлттық валюта қабылданады (мыс., 1 стерлинг фунт = 1,55 АҚШ доллары). Кең таралғаны валютаның бағамын тікелей белгілеу әдісі. Валютаның бағамын ресми түрде орталық банк белгілейді, бейресми түрде банкілер банкілер белгілейді. Валюта биржалары сақталған елдерде валютаның бағамын бегілеу күннің белгіл бір уаытында тіркеледі. Алайда биржалық белгіленім негізінен анықтамалық сипатта болады. Валюта нарығының көбінде бағам белгілеу кезінде фиксинг - валютаның банк аралық бағамын әрбір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру жолымен айқындау рәсімі қолданылады. Сонан соң сатушының бағамы (жоғары) мен сатып алушының бағамы (төмен) белгіленеді. Банкілер сатылатын шетел валютасын сатып алынатын валютадан гөрі қымбатқа бағалайды.Қ[4]