Type a search term to find related articles by LIMS subject matter experts gathered from the most trusted and dynamic collaboration tools in the laboratory informatics industry.
Бахрейн Мәліктігі араб.: مملكة البحرين | |||||
| |||||
Әнұран: «Біздің Бахрейн» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 14 тамыз 1971 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | Араб тілі | ||||
Елорда | Манама | ||||
Ірі қаласы | Манама | ||||
Үкімет түрі | дуалисттік монархия | ||||
Мәлік Премьер-министрі |
Хамад ибн Иса әл-Халифа Халифа ибн Салман әл-Халифа | ||||
Мемлекеттік діні | Ислам | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 174-ші орын 778,3 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2010) • Тығыздығы |
1 425 171 адам (150-ші) 1 234 571[1] адам 1626,6 адам/км² (7-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
75,174 млрд.[2] $ (94-ші) 50,750[2] $ (15-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
39,300 млрд.[2] $ 26,531[2] $ (33-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▬ 0,846 (Өте Жоғары) (43-ші) | ||||
Этнохороним | бахрейндіктер | ||||
Валютасы | Бахрейндік динар | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .bh | ||||
ISO коды | BH | ||||
ХОК коды | BRN | ||||
Телефон коды | +973 | ||||
Уақыт белдеулері | +3 |
Бахрейн, толық ресми атауы — Бахрейн Мәліктігі (араб.: مملكة البحرين — Мамлякат аль-Бахрейн) — Оңтүстік-батыс Азияда, Парсы шығанағындағы Бахрейн аралдарын алып жатқан мемлекет. Жері - 695 км². Халқы - 1 млн. 343 мың адам (2014 жыл). Астанасы – Манама (160 мыңдай адам). Ірі қалалары: Мұхаррәк, Рифаа, Иса. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Халқы ислам дінін ұстанады.
Бахрейн аралдары туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 3 мыңжылдықтағы деректерде айтылады. Б. з. басында Бахрейн жеке әмірлік болған. IV - VI ғасырларда Сасанилер мемлекетінің, кейін Араб халифатының құрамына кірді. XIII ғасырдада Бахрейн әмірлігі тәуелсіздік алғанымен, артынша Ормұз әмірлігіне қосып алынды. XVI ғасырдың басында Бахрейнді португалдықтар жаулап алса, XVII ғасырда Иранның қол астына кірді. XVIII ғасырдың 80-жылдарында әл-Халиф әулетінен шыққан араб шейһтары Бахрейн әмірлігінің тәуелсіздігін жариялады, бірақ XIX ғасырда Ұлыбритания шейһтармен бірқатар келісімдер жасап (1820, 1847, 1861 жылдардағы келісімдер), 1871 жылы елде өз протекторатын орнатты. 1880 жылы және 1892 жылы келісімдер негізінде Бахрейн әмірлігі ағылшындардың отарына айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918) кезінде Бахрейнде ағылшын әскери базалары орналасты. 1932 жылы мұнай көздері ашылған соң, елге АҚШ капиталы ене бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1939-1945) Британ үкіметі мұнда ірі әскери күштерін ұстап, Манама қаласын Парсы шығанағындағы Британия әкімшілігінің резиденциясына айналды. Араб халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы нәтижесінде 1971 жылының 14 тамызында Бахрейн әмірлігі тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
Бахрейн әмірлігі — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы - Әмір. Заң шығару билігі 1973 жылы қабылданған конституциясы бойынша Әмір мен Ақылшылар Кеңесінің қолында. Кеңес мүшелерін (30 мүше) Әмір тағайындайды. Атқару билігі Министрлер Кеңесіне жүктелген. Саяси партиялар мен кәсіподақтар қызметіне тыйым салынған.
Мемлекет аумағы 33 аралдан тұрады. Аралдардың ең ірілері: Бахрейн, Мұхаррәк, Умм-Наасан, Ситра, Хауар. Жері жазық, шөлді болып келеді.
Климаты тропиктік және субтропиктік. Орташа температурасы қыста 18°С, көктемде 25°С, жазда 40°С, күзде 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 90 мм.
Бахрейн әмірлігі экономикасының негізі - мұнай мен табиғи газ. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнімнің 70%-ін мұнай қамтамасыз етеді. Барланған мұнай қоры - 27 млн. тонна, газдың қоры - 240 млрд. м3. Мұнай өңдеу, алюминий өндіру, кеме жасау зауыттары бар. Бахрейн әмірлігінде 11 электр станциясы жұмыс істейді. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнім - 5 млрд. доллар шамасында. Ауыл шаруашылығы оның 1%-ін ғана құрайды. Көкөніс, құрма, цитрусты жеміс-жидектер, жүзім өсіріледі. Тамақ өнімдерінің көбісін сырттан сатып алады. Бахрейн әмірлігі - Таяу және Орта Шығыстағы ірі қаржы орталығы. Басты порттары: Манама, Сальман және Ситра. Негізгі сауда серіктестері: Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Австралия, Жапония.
Сыртқы саясаты Таяу Шығыстағы жанжалдарды реттеуге, Парсы шығанағында бейбітшілік орнатуға бағытталған.
Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 28 мамырда орнатылды.
Екіжақты қатынастар тарихындағы маңызды оқиға ретінде Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы Бахрейнге ресми сапарын атауға болады. Сапар барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық пен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды. 2002 ж. Бахрейн Корольдігіне ҚР Ұлттық банк делегациясы сапар жасады.
Қазақстанда Бахрейн Корольдігі Сауда-өнеркәсіп палатасының (1998 ж.) және бахрейн компанияларының делегациялары (1999 ж.) сапармен болды.
2008 ж. 16-17 қазанда Астанада өткен Азиядағы ынтымақтастық диалогының Сыртқы істер министрлерінің 7-отырысы мен «Ортақ әлем: әралуандылық арқылы ілгерілеу» сыртқы істер министрлерінің конференциясына Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер жөніндегі Мемлекеттік министрі Низар әл Бахарна бастаған бахрейндік делегация қатысты.
ҚР Индустрия және сауда министрі Ә.Исекешев Манамаға 2009 ж. қазан және желтоқсан айларында сапар шекті. Бахрейннің жоғары лауазымды тұлғаларымен өткен кездесулер барысында Қазақстанда ислам банкингі жүйесін дамытуда техникалық көмек көрсету мен осы салада тәжірибе алмасу, сондай-ақ қазақстандық мамандарды әзірлеу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
2010 ж. 15-16 наурызда Астанада өткен «Kazakhstan Islamic Finance Conference» атты форумға Бахрейн Премьер-министрінің арнайы өкілі мен кеңесшісі, Азия Ислам Банкінің басшысы Абдалла Хасан Сейф қатысты.
Қазақстан мен Бахрейн арасындағы тауар айналымының көлемі 2011 жылы 1 млн. долл. құрады.
Қазақстан-бахрейн қарым-қатынастарының шарт-құқықтық базасы Дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникемен шектелген.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |