Type a search term to find related articles by LIMS subject matter experts gathered from the most trusted and dynamic collaboration tools in the laboratory informatics industry.
Ағылшын-африкалықтар | |
Anglo-African | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,9 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
ОАР |
1,7 млн |
Канада |
76 000 |
Кения |
35 000 |
Замбия |
35 000 |
Танзания |
15 000 |
Намибия |
11 000 |
Ұлыбритания |
10 000 |
АҚШ |
10 000 |
Аустралия |
8 000 |
Жаңа Зеландия |
4 000 |
Тілдері | |
Діні | |
Ағылшын-африкалықтар (ағылш. Anglo-African) — 19 - 20 ғасырдың бірінші жартысында Британ империясының үкіметі өзінің африкалық иеліктеріне жіберген ақ отаршылдар мен олардың ұрпақтарының атауы. Негізінен Оңтүстік Африка Республикасында тұрады. Саны 1 750 мың адам (1992). Жалпы саны 1 950 мың адам.[1] Басқа қоныстанған елдер: Канада 76 мың адам, Кения 35 мың адам, Замбия 35 мың адам, Танзания 15 мың адам, Намибия 11 мың адам, Ұлыбритания 10 мың адам, АҚШ 10 мың адам, Аустралия 8 мың адам, Жаңа Зеландия 4 мың адам.[2]
Ағылшын тілінің Оңтүстік Африка диалектісінде сөйлейді.[3]
Діни ұстанымы – англикандар, методизм, пресвитериандық, католиктер.[4]
Бірінші британдықтар 1620 жылы Қайырлы үміт мүйісіне келді. Ағылшын қоныстанушылары (көбінесе әскери әкімшілер) Африка континентінде 1806 жылдан кейін, бұрын голландтар мен африканерлер басқарған Капс колониясы британдықтардың бақылауына өткен кезде пайда болды. 1820 жылдары Англия мен Шотландиядан иммигранттардың жаппай келуі басталды.
1860 жылдары алтын кен орындары ашылғаннан кейін Ұлыбританиядан иммиграция көбейді. Ағылшын-африкалықтар африканерлерге қарағанда әлдеқайда аз, жергілікті африкалық халықпен араласты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ағылшын-африкалықтар арасында ұлттық бірегейлік процесі күшейді.[5]
Ағылшын және шотландтық (немесе британдық) ұлттық бірегейлікті өзгерту процесі 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана аяқталды. Қазіргі ағылшын-африкалықтардың кейбірі африкан тіліне ауысты және африканерлермен ассимиляцияланды.
Ағылшын-африкалықтардың 95%-ы қала тұрғындары, олар негізінен өнеркәсіпте, қаржыда және саудада жұмыс істейді. Ағылшын-африкалықтардың мәдениеті жергілікті ерекшеліктері жоқ еуропалық қалалық болып табылады.[6]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |