Knowledge Base Wiki

Search for LIMS content across all our Wiki Knowledge Bases.

Type a search term to find related articles by LIMS subject matter experts gathered from the most trusted and dynamic collaboration tools in the laboratory informatics industry.

Сілтемелерді өңдеу
Канада провинциясы
Альберта
ағылш. Alberta

Альберта
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Канада

Әкімшілік орталығы

Эдмонтон

Премьер-министр

Джейсон Кенни

Лейтенант-губернатор

Сальма Лахани

Тарихы мен географиясы
Координаттары

54°59′30″ с. е. 114°22′36″ б. б. / 54.99167° с. е. 114.37667° б. б. / 54.99167; -114.37667 (G) (O) (Я)Координаттар: 54°59′30″ с. е. 114°22′36″ б. б. / 54.99167° с. е. 114.37667° б. б. / 54.99167; -114.37667 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1 қыркүйек 1905

Жер аумағы

661,848 км² (6.6% %, 6 орын)

Уақыт белдеуі

UTC−7:00

Ірі қаласы

Калгари

Экономикасы
ЖІӨ
· орын

C$326.433 млрд (2015)
3 орын

Тұрғындары
Тұрғыны

4,067,175 адам (2016)(4 орын)

Тығыздығы

6.35 адам/км²

Ресми тілі

ағылшын

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

CA-AB

Пошта индекстері

AB

gov.ab.ca

Альберта Ортаққорда Координаттар: 54°59′30″ с. е. 114°22′36″ б. б. / 54.99167° с. е. 114.37667° б. б. / 54.99167; -114.37667 (G) (O) (Я)

Альберта (ағылш. Alberta [ælˈbɜrtə]) — Канада провинциясы. 2016 жылғы санақ бойынша провинцияның 4,067,175 тұрғыны бар, бұл Канаданың халқы жағынан төртінші провинциясы.

Ағылшын патшайымы Викторияның қызы ханзада Луиза Каролайн Альбертаның құрметіне Альберта деп атаған провинция — Канаданың батысына қарай алшақтап орналасқан үш далалық провинциясының біреуі. Аумағы 66 1000 км2 жерді алып жатқан провинцияда 2.700 000 адам шашыраңқы орналасқан. Альберта аумағы Техас аумағымен шамалас және Жапония аумағынан шамамен екі есе үлкен. Өзінің кеңпейілдігіне қарай "Күн сәулелі Альберта" атанған бұрынғы таңғаларлық қарама-қарсылықтар аймағында қазіргі заманғы қалалар, тау тізбектері, дәулетті фермерлік шаруашылықтар мен тамырлары алыс замандарға кеткен тағы жерлер орналасқан.

Альбертаның топографиялық картасы

150 жыл ішінде Альберта провинциясы артта қалған жабайылықтан қазіргі заманғы экономикаға дейінгі қайта жаңғыру жолынан өтті. Ол өткен жүзжылдықтың (XX ғасырдың) 50-жылдарындағы, негізінен, дамыған ауыл шаруашылығына бейімделген экономикадан үш он жылдық бойы энергетикалық ресурстарды игеруден соң барып, шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістеріне көшті. Бұл оған энергия ресурстарымен қатар өндіріс, қызмет көрсету және жаңа технологиялар салаларындағы жетістіктер аса көп мөлшерде ұсынылатын рынокта бәсекелестікке қабілеттілікті қамтамасыз етті.

Халқы

Калгаридегі қыс айы

Альберта провинциясы халқының 80%-дан астамы негізгі екі орталықты: Эдмонтон (896 000 адам) мен Калгариді (813 700 адам) мекендеген қала тұрғындары. Тарихи даму тұрғысынан алып қарағанда Альберта халқы мен жалпы өнімінің өсу цифрлары шын мәнінде әсер қалдырарлықтай. Ледунада мұнай кен орындары ашылғаннан кейінгі ширек ғасыр ішінде провинция халқының саны тек екі еселеніп қана қоймай, ғасырдың бас кезіндегімен салыстырғанда адамдар ақшаны орта есеппен 8 есе көп жұмсау мүмкіндігіне ие болды.

Банф ұлттық бағыдағы Морейн көлі

Эдмонтон мен Калгари тәрізді ірі қалаларға жоғары білікті мамандар мен капиталдың ағылып келу көлемі де таңғалдырады. Елге мыңдаған кәсіби және техникалық қызметкерлер келді. Егер XX ғасырдың бірінші жартысында америкалықтар өз тәжірибесін пайдалана отырып, қаржыны Альберта жеріндегі фермерлік шаруашылықтарды дамытуға жұмсаса, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары жол салу үшін ұмтылды. Соғыс аяқталған соң отандарына қайтқандардың басым бөлігі бүгіндері Альбертаның негізгі кен байлықтарын игеруге араласу үшін мұнда қайтып оралды. Тұрғындардың 2/3-сі 40 жасқа да толмаған Альберта провинциясы өнеркәсіп дүниесіндегі ең жас аймақтардың қатарына жатады: бұл ішінара 20 жыл ішіндегі Альбертаға халықаралық дәрежеде және провинцияаралық қоныс аударудың жоғары деңгейімен түсіндіріледі. Провинцияда, сонымен бірге Канададағы ең үздік өндірістік жұмысшы күші шоғырланған. Жалпы өнімді жан басына шаққандағы мөлшер елдегі орташа мөлшерден 21%-ға жоғары.

Ауыл шаруашылығы

Қуат ресурстары мен ауыл шаруашылығы тауарлары провинция экспортының басты өнімдері болып табылады. Сұраныс жылдам өсіп келе жатқан басқа экспорттық тауарлардың қатарына мұнай-химия өнімдері мен ағаш минералдар, алдын ала өңделген тағамдық өнімдер, мұнай барлау мен өндіруге қажетті құрал-жабдықтар, электроника мен телекоммуникация жүйелері, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтер мен құжаттар жатады.

Мұнай

Мұнайға байланысты жоспарлардың Альбертаға ағылуы (Канада үшін гүлденудің жаңа кезеңі басталғанда) өзінің меншікті қаржыларын қысқартуына және елдің халықаралық жағдайын нығайтуына жағдай жасады. Канаданың осындай дамыған жағдайын шетелдік инвестициялар жасанды жолмен қамтамасыз етті деген негізі бар пікірталастар жүргізілуде. Шетелдік капитал мен сараптаулардың қатысуынсыз Альберта дамудың қазіргі деңгейіне соншалықты тез жете алмайтынына ешқандай күмән жоқ. Мұнай долларлары өтпелі кезеңде, мүмкін, провинцияға өңдеуші өнеркәсіп рыногындагы экономикалық табысқа бастайтын жолдағы алғашқы қадамдар жасауына мүмкіндік беруде өз рөлін атқарған да болар. Солай болғанның өзінде де бүгінгі күні Альберта өз позициясында нық тұр.

Даму қарқыны бойынша Альберта дүние жүзінің көптеген аймақтарынан анағұрлым алда. Альберта ресурстары және әлеуметтік жетістіктерімен өзіне гүлденген болашақты қамтамасыз ететін орнықты позицияларды иеленген.[1]

Дереккөздер

  1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9-9-6-5 - 3 6 - 2 1 6 — 5