Infrastructure tools to support an effective radiation oncology learning health system
Мазмұны
Әнші — әнді нақышына келтіріп, шебер орындайтын адам.
Ертеде қазақтар той-томалақтарды әнші-күйшісіз өткізбеген. Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі неке ғұрпындағы рәсімдерге әншілер арнайы шақырылып, астан кейін әншілерге кезек берілген. Нағыз әншінің әншілік өнерінің танылар тұсы да осы сәт. Мысалы, бірде Семей мен Жетісу өңірінің қазақтары жиналып, сайысқа түскенде, Семейдің әншілері қарсыластарының басымдығын байқап, дереу бір атақты әншіге жаушы жіберіп, оны бірнеше жүз шақырым жерден алдыртуға дейін барған екен. Мұндай шаралар ру, жердің намысы мен беделі үшін жасалған және руаралық қатынастарды реттеуші элемент қана емес, өнер атаулының бағалануы мен алға қарыштауына серпін беретін іс. Екінші жағынан сол халықтың өнерін паш ету, дәріптеудің нақты бір үлгісі болып табылады. Әнші өнер атадан балаға мирас болып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Байырғы ортада үйге қонақ келсе, адам күтуге байланысты ғұрыптар атқарылып болған соң, ауылдың алты ауызы көбінесе әнмен немесе басқаша бір өнер түрімен орындалатын болған. Кейін қонақтан қонақ кәде сұралып, дәстүрлі ортаға таптаурын болған, ауыларалық, күнделікті әнмен не жай өнер түрімен емес, тосын, естіле бермеген әнмен немесе басқа да онер түрімен атқарылуын күткен. Бұл арада қонақтың қандай адам екендігі сыналып, асқан әнші, топтан озған дарабоз екендігі осы арада нақты танылып, халық бағасына ие болған. Сол сияқты дәстүрлі ортада ас-той, түрлі жиындар әншісіз өтпеген. Әнші - халық қалаулысы, онсыз ешбір ортаның сәні келмейді [1].
Қазақта «Әу демейтін қазақ жоқ» деген сөз қолданысы бар. Кез келген қазақтың ән шырқап, сайын даланы әнмен тербететіні жайлы бұрынғы шетелдік саяхатшы- зерттеушілер өз жазбаларында жазып қалдырғаны белгілі. Демек әнші ретінде танылып, суырыла алға шығып даралану үшін асқан дарын, талант қажет. Қатаң сындардан сүрінбей, өзіндік сипатпен өзгешеленуі тиіс. Әнді кең тыныспен, асқақ үнмен, шыңына жеткізе шырқай білу - шеберліктің шырқау биігі, бұл - әншіге қойылатын қатаң талап. Әнші атағын халық берген, қашанда сырт көзбен сыншы болған халық шынайы өнерді бағалағанда лайық көрген өнер иесін әнші деп атаған. Дәстүрлі қазақы ортада атақты әншілердің басым көпшілігі айтулы ақын, әрі шебер домбырашы немесе қобызшы да болған.[2]
Әнші-өз жанынан ән шығармалық бірақ халықтық халық композиторларының ән шығармашылығын жұртшылық арасында кеңінен насихаттайтын кәсіби орындаушы. Мысалы Әміре Қашаубаев, Ғ.Айтбаев, Ж.Елебеков, т.б. Әнші деп композиторлардың вокалдық шығармаларын (ән-романстарын, балладаларын), опералық партияларды орындайтын кәсіби әнші-артистерді де (К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Қ.Жандарбеков, Р.Абдуллин, Б.Досымжанов, М.Ержанов, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Ә.Дінішев, Ғ.Құрманғалиев, т.б.) айтады.[3]
Дауыс түрлері бойынша сұрыптау немесе классификация
Классикалық музыкада және операда дауысқа тек музыкалық аспап ретінде қарайды. Композиторлар әнші дауысының шеберлігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, осы аспапқа музыка жазады.
Дауыстарды (және сәйкесінше әншілерді) жіктеуге арналған көптеген жүйелер бар. Олардың кейбіреулері дауыстың күшін, яғни әншінің қаншалықты қатты ән айта алатындығын ескереді; басқалары - әншінің дауысы қаншалықты виртуозды немесе қаншалықты анық жеткізуі бойынша; басқаларына музыкалық емес сипаттамалар жатады, мысалы, сыртқы түрі, актерлік шеберлігі және т.б.
Ең жиі қолданылатын жіктеу әншінің вокалдық диапазоны мен жынысына байланысты. Осы екі критерийдің өзінде көптеген түрлері бар. Мұнда алты негізгісі берілген: Әйелдер дауысы:
- сопрано - жоғары әйел дауысы
- меццо-сопрано - ортаңғы әйел дауысы
- контралто - төмен дауысты әйел дауысы (хор музыкасында оны жай альт деп атайды)
Ерлер дауысы:
Дереккөздер
- ↑ Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Алматы: Санат, 1997
- ↑ Нұғыманова Ә. Қазақтың әншілік дәстүрі. Алматы: Арыс, 2009
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Singing |