FAIR and interactive data graphics from a scientific knowledge graph

Стоунхендж

Стоунхендж (ағыл. Stonehenge, аспа тастар) — Британ аралдарында орналасқан, ертеде салынған ғимарат үлгісі.

Пішіні домалаққа немесе сопаққа ұқсайтын, әдетте диаметрі 20 метрден кем емес үлкен тастардан тұрады. Ішкі компоненттеріне порталды ғимараттар, ағаш шеңберлер, тас үйінділері мен монолиттер, құдықтар, орталық қорғандар және т,б жатады.

Құрылымы

Стоунхендж жоспары
Стоунхендж жоспары

Суреттегі Стоунхенджтің жоспары:

  • 1—Алтарь, Уэльстен әкелінген құмдақ тас.
  • 2-3—бейітсіз қорғандар
  • 4—4,9 метр ұзындықтағы құлаған тас(Slaughter Stone — эшафот)
  • 5—Өкше секілді тастар (Heel Stone)
  • 6—екі вертикал орналасқан тастар
  • 7—шұңқыр
  • 8—ішкі дуал
  • 9—сыртқы дуал
  • 10—параллель орналасқан дуалдар
  • 11—30 шұңқырдан тұратын сақина
  • 12—кішкене 30 шұңқырдан тұратын сақина
  • 13—56 шұңқырдан тұратын тұратын Обри қуысы(Aubrey holes)
  • 14—Кіші оңтүстік есік

Сұр түспен құмдақ тастар, көкшіл түспен көкшіл тастар (bluestone) белгіленген. Бұл тастар Стоунхенджтен 380 км қашықтықта орныласқан Шығыс Уэльстен әкелінуі мүмкін.

Стоунхендж толықтай алғанда 82 үлкен тастардан, салмағы 25 тонна болатын 30 тас блоктардан және салмағы 50 тоннаға жететін трилит деп аталатын 5 тастан тұрады. Бұл тастарды әйгілі геолог Х. Томас зерттеп, олардың осы жерден 320 км алыста жатқан Оңтүстік Уэльстен әкелінгені туралы деректер айқан.

30 құмдақ тас диаметрі 33 метрлік шеңбер құрайды. Олардың биіктігі 4,1м, ені 2,1м және салмақтар 25 тонна. Олардың үстіне ұзындығы 3,2 м, ені 1 м және 0,8 м тастар қойылған. Бұлар жер деңгейінен 4,9 м биіктікте жатыр. 13 ішкі доғаның үстіндегі тастар сақталған.

Шеңбердің шетінде салмағы 50 тонна келетін трилит тастар симметриялы орналасқан. Олардың ең кіші жұбының биіктігі 6 м, ал кейінгісі сәл үлкенірек, ең үлкен трилиттердің биіктігі 7,3 м.XIX ғасырға дейін екі ғана трилит сақталған еді, XX ғасырдың бірінші жартысында бір трилит қалпына келтіріліп, комплекстің солтүстік- батыс бейнесі біраз өзгеді.

Қалпына келтіру жұмыстары 1901-1965жж жүргізіліп, үлкен сынға алынды. Кристофер Чайппиндэйл мен антропологтардың айтуынша барлық тастарға қандайда бір зақым келген.

Зерттелуі

Ертеректе ғалымдар бұл құрылысты б.з.д 2000 жылдардағы Британияда тұрған тайпалар Күн мен Айды бақылау үшін салды деп ойлады.

Ал жақын арада өткен зерттеулер нәтижесі бойынша адамдар бұл аймақтарда б.з.д 7200 жылдарынан бастап тіршілік еткен. Қазіргі археологтардың ойынша бұл ғимараттың құрылысы б.з,д 2300 және 1900 жылдар аралығында жүрген және құрылыс 3 бөлімнен тұрған. Ол бөлімдер:

  • 1 бөлім — басты орлар мен дуалдарының құрылысы. Құрылыстың астында бұғылардың мүйізлері табылды. Радиокөміртекті әдістің көмегімен анықталған соңғы дата б.з.д 3020-2910 жылдар аралығы.
  • 2 бөлім —екінші реттік орларды қазу, ағаш құрылыстарды және Обри шұңқырларының салынуы.
  • 3 бөлім —Үлкен көкшіл тастарды сақина тәрізді етіп орналастыру. Белгіленген датасы б.з.д 2440-2100 жылдар аралығы.

Стоунхенджтің маңызы

Жазғы күн тоқырау кезіндегі Стоунхендж, 1700 жыл.

Аңыздар бойынша Стоунхенджті Мерлинмен байланыстырады.

XVII ғасырдың ортасында ағылшын архитекторы Иного Джонс бұл ғимаратты римдіктер салған деген ойда болды.

Ал біреулер бұл жерді ерте сенімдегі королева Боадицеидің моласы деп ойлады.

1666 жылы Джон Обри бұл ғимаратты ежелгі бриттер салды деп жорамалдады.

Сол секілді ортағасырлық ғалымдар бұны швейцарлар немесе немістер салды деп топшылады.

XIX ғасырдың басында Стоунхэндж друидтардың қасиетті жері ретін қаралды. 1740 жылы Уильям Стакли "Стоунхендж: британдық друидтердің храмы" атты кітабын шығарған еді.

Стаклидің кезінде Стоунхенджте адамдар от жағумен қоймай, өздерімен сувенир ретінде бір зат болсын әкеткісі келді.

Осылайша 1797 жылы бір трилитон құлады. Бұл әрекет ғалымдарды оятқандай болды.

1802 жылы Уильям Каннингтон зерттеулер жүргізгенімен, сәтсіз болды. 1810 жылы зерттеулер де сәтсіз болды.

1995 жылдары доктор Россо Клиэло басқарған зерртеушілердің басты табыстары—олар ғимараттардың анық хронологиясын есептеді.

Stonehenge Riverside Archaeological Projec Шеффилд қаласындағы археология Университетінің профессоры Майк Паркер Персон айтуынша Стоунхендж, б.з.д 3000 жылдан бері өмір сүрген Англия тұрғындарының моласы болған. Олай айтуға қазба кездерінде табылған б.з.д 780-410 жас жігіттің қаңқасы негіз бола алады.

Белгілі астроном Фред Хойл Стоунхенджтің барлық геометриялық заңдылықтарын зерттеп, бұл құрылысты салған адамдардың Айдың нақ орбитальды периодын және ашық күндердің ұзақтығын білгендігін тұжырымдаған.

Бұл ғимарат 1986 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұрасына енгізілген.

Фильмография

  • д/ф «Тарих сырлары. Стоунхендж туралы шындық» (AETN International және КП Продакшн, 2010)
  • д/ф «Теңдесіз геометрия. Жұмбақ бабалардың сырлары» (ағылш. Genius and Geometry. Traсes of Our Enigmatiс Anсestors) (реж. Рональд Вауган, 2010)

Дереккөздер

1. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%82%D0%BE%D1%83%D0%BD%D1%85%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B6

2. https://en.wikipedia.org/wiki/Stonehenge