FAIR and interactive data graphics from a scientific knowledge graph
Мазмұны
Софтбол (ағылш. softball) — доппен спорттық, командалық ойын, бейсболдың бір түрі. Софтболға арналған доп өлшемдері бойынша грейпфрутқа ұқсайды, бірақ бейсболға арналған доптан гөрі жұмсағырақ және ұшқан кезде оның жылдамдығы төменірек. Софтболды ерлер мен әйелдер ойнайды. Ойынның бірнеше түрі бар: «Фаст-питч» — «Шапшаң беріс», «Слоу-питч» — «Баяу беріс», «Модифай-питч» — «Орташа беріс». 1996 жылдан 2008 жылға дейін Олимпиада тәртібі ретінде әйелдер командалары арасындағы «фаст-питч» ойыны болған.
Бейсбол кең тараған көптеген елдерде, софтбол да үлкен сұранысқа ие, өйткені оны кәсіби емес спортшылар және әйелдер таңдайды. Софтболдың бейсболдан басты айырмашылығы — жарақат алу ықтималдығы кем және физикалық мүмкіндікшілігі төменірек спортшылар ойнай алады.
Тарихы
Софтбол 1887 жылы пайда болды. Алғашқы кезде ойын «машбол» (mushball) немесе «киттенбол» (kittenball) деп аталған. 1920-ші жылдары өзінің заманауи атауына ие болды. Халықаралық софтбол федерациясы (ISF, ИСФ) 1965 жылы негізделді және 2001 жылға қарай 122 ұлттық федерацияны біріктірді. Әлем чемпионаттары әйелдер арасынан 1965 жылдан бастап өткізіледі, ал ерлер арасынан 1966 жылдан. В программу Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына софтбол 1996 жылдан (Атланта) 2008 жылға дейін (Бейжің) кірген.
Галерея
-
Софтболға арналған доп
-
Софтбол ойыны
|