FAIR and interactive data graphics from a scientific knowledge graph

Виолончель(итал. vіoloncello) – ысқышпен тартылатын скрипка тектес 4 ішекті музыкалық аспап. Бастапқы түрінде - до, соль (үлкен октава); ре, ля (кіші октава), яғни альттан 1 октаваға төменірек.

Құлақ күйі квинта бұрауымен келтіріледі. Виолончель халық аспаптарын жетілдіру негізінде 15 ғ-дың аяғы мен 16 ғ-дың басында пайда болды. 17-18 ғ-ларда итальян шеберлері А. және Н.Амати, Дж.Гварнери, А.Страдиваривдің классикалық үлгісін жасады. Виолончельге арнап көптеген муз. шығармалар жазылған. Мысалы, Л.Бетховен, Ф.Шуберт, Ф.Шопен, И.Брамс, Э.Григ, К.Дебюсси, С.Рахманинов, Т.Базарбаев, М.Сағатов, т.б-лардың Виолончельмен фортепианоға арналған сонаталары, Ғ.Жұбанова, К.Күмісбековтің Виолончельмен фортепианоға арналған поэмалары, Қ.Қожамияровтың "Элегиясы", Н.Меңдіғалиевтің "Романсы", М.Сағатовтың "Импровизациясы" мен "Экспромты", т.б. атауға болады.[1]

Дереккөздер

  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том