Knowledge Base Wiki

Search for LIMS content across all our Wiki Knowledge Bases.

Type a search term to find related articles by LIMS subject matter experts gathered from the most trusted and dynamic collaboration tools in the laboratory informatics industry.

Nokia
Түрі

қоғамдық компания

Биржадағы листингі

HEX: NOK

Компанияның ұраны

Connecting people

Құрылды

12 мамыр 1865; 159 жыл бұрын (1865-05-12)

Орналасуы

Эспоо, Финляндия

Басты адамдары

Пекка Лундмарк (CEO), Сари Балдауф (директорлар кеңесінің төрағасы)

Саласы

Телекоммуникациялық жабдықтар өндірісі, IT-индустрия

Өнімі

Ұялы телефондар, смартфондар, GSM желісінің жабдықтары, сымсыз байланыс жүйелері, GPS-навигаторлар, интернет-планшеттер, нетбуктар.

Айналым

22,202 млрд[1] (2021)

Операциялық кірісі

€2,775 млрд[1] (2021)

Таза табыс

€330 млн[1] (2021)

Қызметкерлер саны

87 927 адам[1] (2021)

Сайты

nokia.com

Nokia Corporation — коммуникация саласындағы ірі трансұлттық корпорация. Бас кеңсесі Финляндияның Эспоо қаласында орналасқан (Ел астанасы Хельсинкиге серіктес қала). Компания өзінің телефондары мен смартфондары арқасында кең танымал. Компанияның 120 елде өкілдіктері бар және 130 000-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Компанияның сауда-саттық операциялары 150 елде жүреді, 2010 жылы жылдық табысы 42 млрд. АҚШ долларын құраса, таза пайдасы 2 млрд. АҚШ доллары болған. Компания 2011 жылдың бірінші жартысында барлық ұялы телефон нарығының 23 пайызын иеленген.

Nokia-ның негізін қалаған Оңтүстік Финляндия тұрғыны - Фредрик Идестам, алғаш жұмысын қағаз шығару өндірісімен бастаған ол әртүрлі өндірістік салаларда: қағаз, резеңке, химиялық заттар, электроника өндірумен айналысып, 1965 жылы телекоммуникация және бейнетехнологиялық бұйымдар шығаруды жолға қояды.

1980 жылдың соңында Еуропада ақпараттық технология, ірі провандер және телевизиондық жабдықтар өндіру бойынша 3-орынды иеленеді. Бренд әртүрлі нарықтық категориядағы тауарларды өндіретіндіктен, тұтынушылар арасында белгілі бір нақты сала бойынша танымал болмады.

1990 жылғы экономикалық құлдырау Nokia компаниясына үлкен ауыртпалықтар әкеліп, біршама күрделі мәселелер туындатып, зардабын тигізеді. 1992 жылы Йорма Олилла компанияға президент болып бекиді. Ол компанияның нарықтағы тауар түрінің біреуін ғана өндіріп, оны жетілдіруге баса назар аудару қажеттігін және компания жұмысының өнімділігін сонымен ғана арттыратындығын жете түсініп, ендігі іс барысын соған бейімдейді. Осылайша телекоммуникация нарығы жаңа қадаммен жұмысын бастайды.

Фредрик Идестам, Nokia-ның құрылтайшысы
Statesman Лео Мешелин, Nokia-ның құрылтайшысы

Тәуекелі мол бұл шешім ұзамай-ақ нәтижесін көрсете бастайды. Компанияның ісі алға басып, шешімнің оң болғандығын көрсетіп, мультимедиялық өнімді өндіруде компанияны бүкіл әлемге әйгілі етті. Қазіргі таңда Nokia ұялы телефонымен әлемдік нарықтың үштен бір бөлігіне ие болып, Еуропа нарығының 50 пайызын иемденіп отыр.

Nokia мультимедиялық құрылғылар мен ұялы телефондарды жетілдіруді жолға қойған жетекші компания болып саналады. Қазіргі кезде де Nokia ұялы телефон шығарушы компаниялар - бәсекелестері арасында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген, өнімі бірқатар артықшылықтарға ие бірден бір компания.Бұл компанияның ұялы телефондар нарығында алда келе жатқандығын білдіреді.

Концентрация

Компанияның тауар нарығында көп жылдар бойы қалыптасқан әртүрлі өнім шығаруды тоқтатып, бір ғана нарық категориясына көшуі, дұрыс шешім, оң қадам болды. Осының арқасында Nokia 2002 жылы ең алдыңғы халықаралық жүз көшбасшы компанияның бірі ретінде саналып, бренд, АҚШ-та глобалды марка болып танылды.

Nokia компаниясының жеке көрсеткіштері 2010 жылы компанияның ұялы телефондардың халықаралық нарығында 32%-дық көрсеткішке (бір жыл бұрын 34%) ие болғандығын көрсетеді. Ал Garther бағалауы бойынша көрсеткіш біршама төмендеген, 2010 жылы 28,9% (бір жыл бұрынғы көрсеткіш 36,4%) болған.

Тарихы

Компанияның тарихы 1865 жылы фин тау-кен инженері Фредерик Идестамның Финляндияның оңтүстік-батысындағы Тампереде шағын қағаз фабрикасының негізін қалауынан басталады. Бұл компания 1871 жылы атауын өзгертіп,Nokia Ab болып қайта тіркеледі. 1989 жылы резеңке бұйымдарын жасаумен айналысатын Finnish Rubber Works компаниясы 1922 жылы Nokia Ab компаниясын өз бақылауына алады. 1912 жылы ішексым шығартын Finnish Cable Works компаниясы да аталған компаниялардың бірлестіктеріне қосылады. 1967 жылы үш компанияның ресми бірігуі жарияланады. Сол кездегі фин заңнамаларына қайшылық тудырмау үшін қағаз жүзінде Finnish Rubber Works және Finnish Cable Works компаниялары Nokia Ab компаниясы құрамына кірген болып көрсетіледі.

1988 жылы Nokia компаниясының ішінен Nokian Renkaat компаниясы бөлініп шықты. Ол 1967 жылдан бері Nokia-ның «резеңке» бөлімшесі болған болатын. Қазір екі компанияның бір-бірімен ешбір байланысы жоқ.

1989 жылы компания финдік Radiolinja операторына GSM желісіне арналған құрылғыны сатады. Ал 1992 жылы алғашқы Nokia 1011 GSM-қол телефоны сатылымға шығады.

1992 жылы компания «Адамдарды байланыстыру» (ағылш. Connecting people)тіркесін ұран ретінде қолдана бастады. 2006 жылдың маусымында Nokia және Siemens компаниялары өздерінің телекоммуникациялық құрылғыларын шығаратын бөлімшелерін біріктіріп, жаңа Nokia Siemens Networks компаниясын құруға шешім қабылдайды.

Қазіргі штаб-пәтерлері

Платформаларының жаңаруы

2009 жылдың 12 тамызында Nokia және Microsoft серіктестік жайында келісімге келді. Келісім бойынша екі компания Microsoft Office Mobile-ді және Symbian операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс жасайтын, Nokia смартфондарына арналған бірлескен желі құрал-саймандарын жасауға кіріседі. Нәтижесінде Е сериялы бизнес-смартфондарының шығуымен басталған құрылғылар халықаралық нарықта кең түрде таралады. Алдағы уақытта да осындай жетілдірілген жаңа өнімдерді бірлесіп шығару ісі жоспарланған. 2011 жылы 11 ақпанда Nokia Microsoft-пен толық серіктес болу жөніндегі шешімін жариялайды. Өздерінің ұялы телефондарына Windows Phone операциялық жүйесін қолдану жөнінде шешім қабылданады. Бұл платформа Nokia смартфондарының басты құраушы стратегиясы болу керек еді. Ресми емес дереккөздерге сүйенетін болсақ Microsoft компаниясы Nokia-ға Windows Phone жүйесіне өткені үшін 1 млрд доллар шамасында ақша төлеген. Сонымен қатар компания Symbian операциялық жүйесінен толық бас тартпайтындығын және ол кейбір смартфон үлгілерінде қолданылатындығы айтылды. Bing – гаджеттерді негізгі іздеуші және Nokia сервисі болып қалды. Windows Phone операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын Nokia ұялы телефондарын 2012 жылдың басында шығару жоспарланып отыр.

Nokia компаниясының өз телефон құрылғыларын ОС Windows Phone операциялық жүйеге көшіруі компанияның серіктестері мен Финляндиядағы ірі телефон компанияларының қызметкерлерінің арасында әртүрлі көзқарас тудырды.

Альянс жайындағы хабар тарағаннан кейін компания акциялары 14%-ға төмендеді. Бұл жағдай 2009 жылғы шілдедегі ең төменгі көрсеткіш болды. 2011 жылдың 16 мамырда Nokia өз блогында Ovi брендінен бастарту ниетін білдірді. Ол музыкалық сервистерді, қосымшалар магазинін және басқа да көптеген Nokia Services компаниясының фин сервистерін біріктіретін. Компания өкілдерінің айтуы бойынша Ovi-дан бас тартқаннан кейін Nokia өзінің брендін күшейтуді жоспарлап отыр.

Nokia сервисінің ребрендингі баяу жүруде. Ол 2011 жылдың шілдесінен басталып 2012 жылдың соңына дейін аяқталады. 2011 жылы 26 қазанда Windows Phone 7.5 операциялық жүйесінің базасындағы Nokia ұялы телефондары - Lumia 800 және Lumia 710 Nokia смартфондарының презентациясы өтті. 2008 жылы 28 қаңтарда Nokia компаниясы Trolltech-ті сатып алады. Олар Qt кітапханасын ойлап тапқан компания болатын. 2008 жылы 2 желтоқсанда Nokia компаниясы Symbian Ltd. компаниясын сатып алу жұмыстарын аяқтады. Кейінірек ол Symbian Foundation деп атауын өзгертті.

Атауының шығуы

Компанияның аты Nokianvirta өзеніне байланысты қойылған болатын. Ол жерге 1868 жылы Фредрик Идестам екінші қағаз фабрикасын салған. 1871 жылы компанияға Nokia Ab аты берілді.

Өзеннің атының өзі көне фин nois (көпше nokia) сөзінен шыққан. Бір кездері осы жерді мекендеген қара түсті бұлғын жануарын ертедегі фин халқы осылай атаған екен. Бұлғын жойылғаннан кейін, осы жердегі қара терілі кез келген жануарды осылай атай бастады. Мысалы, сусар немесе қара күзен.

Сот талап арызы

2009 жылы Nokia 10 патентін (дауысты сигналды кодтау, қорғалған мәліметтердің берілуі және басқа да көптеген өнертабыстарды қолдану) бұзғаны үшін Apple компаниясын айыптайды. Бұл өнертабыстарды Apple компаниясы iPhone аппаратының халықаралық нарыққа шығарған алғашқы үлгісінде қолданған болатын. Соңында Apple компаниясының патентті бұзғандығы расталды. Олар Nokia компаниясына өтемақы төлеп, алдағы уақытта компанияға ақша аударып тұруға міндеттелді.

Жетістіктері

2006 жылы Fortune журналы жасаған әлемнің ең ірі компанияларының тізімінде Nokia 20-орында тұр. Бұл телекоммуникациялық компаниялардың арасындағы ең үздік, АҚШ-тан тыс орналасқан компаниялар арасындағы төртінші орынды иеленген көрсеткіш. 2007 жылдың 4 тоқсанында компания әлемдегі ұялы телефондар түсірілімі бойына бірінші орынды алған.

Компания барлық телефон желісіне, соның ішінде GSM, CDMA және UMTSарналған ұялы телефондар шығаруда. Компанияның Финляндияда, Қытайда, Бразилияда, Ұлыбританияда және басқа да елдерде орналасқан 15 фабрикасы бар. Сонымен қатар Nokia компаниясы Ovi ұялы телефон сервисі арқылы медиа-контент сатумен айналысады.

Компания маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 2009 жылы желтоқсанда 16 елде орналасқан Nokia зерттеу орталығында 37 мың адам жұмыс жасады.

Қызықты жайттар

Nokia N95
  • Nokia фирмасының заманауи қарпін дизайнер Эрик Шпикерман жасап, Agfa Monotype Nokia Sans деп атады. Бұл қаріптің шығуына дейін жарнамалар мен компанияның телефондарын пайдалану нұсқаулығында Agfa Rotis Sans қарпі қолданылған болатын.
  • Nokia-ны әлемдегі сандық фотоаппаратты шығаратын ең ірі компания деп санауға болады. Себебі фотокамера құрылғылары бар Nokia ұялы телефондарының сатылым көрсеткіштері басқа сандық фотоаппараттарға қарағанда едәуір көп.
  • Әлемдегі ең алғашқы GSM стандарты бойынша ұялы телефонмен шалған ақылы қоңырау Nokia телефон құрылғысымен жасалынған. Бұл оқиға 1991 жылы Хельсинки қаласында болған болатын. Қоңырау шалған Финляндияның премьер-министрі Харри Холкер.
  • Nokia tune рингтоны 19 ғасырда өмір сүрген испан музыканты Франциско Тарреганың Gran Vals атты гитаралы әуенді шығармасына негізделген. Алғашқы рингтондар 1994 жылы шығарылған Nokia 2100 телефондар сериясында қолданылды. Бастапқыда музыкалық шығарма атымен аталған әуен 1998 жылы Nokia tune деген атауға ие болады.
  • SMS алған кезде Nokia телефондарынан шығатын стандартты гудок, «sms» деген мағына беретін Морзе коды болып табылады.
  • Nokia компаниясы азиялық нарыққа арналған телефон үлгілерінде 4 санын қолданбайды. Себебі Азияның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында 4 сәтсіздік саны болып есептелінеді.
  • Орта есеппен адамдар күніне 260 мың Nokia смартфондарын сатып алады (2010 жылдың қыркүйегі бойынша).
  • 2008 жылы американдық Plain Jane Automobile инди-рок тобы Nokia-ның миллиондаған телефондарына өздерінің «Stones» және «Close My Eyes» өлеңдерін стандартты рингтон ретінде енгізді. Осы арқылы бұл әуендер танымал болды.
  • Nokia телефондарының алғашқы үлгілерінде қолданылған Symbian — Nokia 920 Communicator операциялық жүйесіндегі графикалық қолданушы интерфейстің бағдарламалық интерфейсі AIKON деп аталады. Бұл Nokia сөзін кері оқу арқылы пайда болған сөз. Ол жаңа үстеменің жасалуындағы кешенді бағдарламаларда қолданылатындықтан, ұялы телефондарды бағдарламамен қамтамасыз ететін жасаушылардың арасында кең танымал.

Дереккөздер

  1. a b c d Nokia Annual Report 2021  (ағыл.). Nokia. Тексерілді, 11 наурыз 2022.