Type a search term to find related articles by LIMS subject matter experts gathered from the most trusted and dynamic collaboration tools in the laboratory informatics industry.
Халық (тұрғындар) — қандай да бір аумақта тұрақты дамыған немесе бүкіл жер шарын жайлаған адамдар жиынтығы. Адамзат тарихының басым бөлігінде әлем халқы тым баяу өсті, ол әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің төмендігімен, адамның табиғатқа тәуелділігімен түсіндірілді. Мәліметтер бойынша, біздің дәуіріміздің басында әлем халқы 250 млн. жуық болған. Әлем халқы алғашқы миллиардқа тек 1800-1804 жж. жеткен. Әлем халқының өсу қарқынының үдеуі XVIII ғ. басталады. Осылайша, 1800-1900 жж. аралығында әлем халқы 80%-дай өсті, ал екінші миллиардқа жету үшін бар жоғы 123 жыл уақыт кеткен. 1960 ж. әлемде үш миллиард адам болған (осылайша, үшінші миллиардқа жету үшін небәрі 33 жыл уақыт кеткен), 1974 ж. - 4 млрд. адам (14 жыл), 1987 ж. - 5 млрд. (13 жыл). 1999 ж. 12 қазанда әлемнің алтыншы миллиардты түрғыны өмірге келді. 2003 ж. басына қарай әлем халқы 6,3 млрд. адамнан асты, олардың 1,2 млрд. адамы (19%) дамыған елдерде тұрды, ал 5,1 млрд. - дамушы елдерде (81 %). 1950 ж. салыстырғанда әлем халқының саны 3,78 млрд. адамға өсті (немесе 150,1%). Осы кезеңдегі өсудің 90% да¬мушы елдердің еншісіне тиді. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2003-2050 жж. әлем халқы тағы 41,5% өсіп, 2050 ж. 8,9 млрд. адамға жетеді, олардың 86,3% дамушы елдерде тұрады.[1]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |